Амандастыру

 

Құрметті Интернет желісін қолданушылар!

Алия Абугалиева

Алматы облысы туризм басқармасының сайтына қош келдіңіздер!

Біздің сайтымыздан Сіздер облыстың туристік нысандары, тарихи-мәдени ескерткіштері, табиғи қорықтар мен парктер, туристік фирмалар мен орналастыру орындары туралы қажетті ақпаратты таба аласыздар.

Саяхаттауға және әлемді тануға ұмтылатындар біздің Жетісу жерінен табиғаттың талай тартымды туындыларын, құнды да қастерлі орындарын көріп, тамашалай алады.

Сонымен қатар, біздің сайт басқарманың туризм саласында жүргізетін жұмыстары туралы жылдам әрі анық ақпарат алуға жол ашады. Біздің сайтта орналастырылған ақпарат үнемі толықтырылып және жаңартылып отырады.

Сәттілік тілейміз!

Открытый конкурс Алматинской области флешмоба и селфи

«ЖЕТЫСУ В МОЕМ СЕРДЦЕ»

Конкурсы флешмоба и селфи проводились с апреля по сентябрь 2016 года на территории Алматинской области. Видеоролики флешмоба и фото «Селфи» принимались до 1 сентября 2016 года. Организатором данного мероприятия являлось Управление туризма Алматинской области.

Read more...

«Окуньколь — 2016» балық аулау-туристік фестивалі

%d0%b1%d0%b5%d0%b7-%d0%b7%d0%b0%d0%b3%d0%be%d0%bb%d0%be%d0%b2%d0%ba%d0%b0

Фестиваль 2016 жылдың 10 мен 12 қыркүйек аралығында Алакөл ауданы Ақши ауылының аймағында, Алакөл көлінің жағалауында 6-шы рет өткізіледі.

Фестивальдің ұйымдастырушылары: Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен «Пеликан» отбасылық демалыс орталығы және «Ветер странствий» республикалық журналы.

Фестивальді өткізу мақсаты мен міндеттері болып салауатты өмір салтын және табиғатта белсенді демалуды насихаттау, әр түрлі жастағы және кәсіптегі адамдарды фестивальға қатысуға тарту және аймақты, атап айтқанда Алакөл көлін жылжыту табылады.

Бас жарыс түрі — алабұға аулау турнирі, жарыс екі санат бойынша өтеді: кәсіпқойлар мен әуесқойлар арасында.

І халықаралық «Ұлы Дала Елі» фестивалі (Өткізілген уақыты 2016 жылғы 27-28 тамыз)

Тамыз айының 27-ші және 28-ші жұлдызында, Алматы облысы Талғар ауданында бүкіл ел үшін атаулы оқиға болып саналатын І халықаралық «Ұлы Дала Елі» фестивалі өткізілді. Аталған шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелуге арналып отыр. Атаулы шараға 10 мемлекеттен 2000-нан астам қонақтар келді. Олар: Венгрия, Голландия, Германия, Түркия, Қытай, Корей елі, Украина, Ресей және Қырғызстан.

Read more...

Қазақстан астаналары кеше және бүгін

Алматы облысының туризм басқармасымен 2016 жылғы 19-25 маусым аралығында табысы аз отбасынан шыққан, туризммен айналысатын, оқу озаты мектеп жасындағы балаларға арналған «Қазақстан астаналары кеше және бүгін» туристік теміржол бағыты ұйымдастырылды.

Пойыз 4 плацкартты және 1 вагон ресторан вагондарынан құралды. Қатысушылардың жалпы саны – 242 адам, оның ішінде: Ақсу, Көксу, Сарқан аудандары мен Текелі, Талдықорған қаласының оқушылары. 22 адамнан топтың жетекшілері пойыз маршруты барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті, жоғарыда аталған қалаларда экскурсиялар өткізуге жауап берді, балалардың демалысын ұйымдастырды, түрлі конкурстар өткізді. Аталған шараны өткізуге І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің студенттері волонтер ретінде тартылды.

Мақсаты және міндеті:

  • облыстың туризмін насихаттау және одан әрі дамыту.
  • балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту.
  • көрші облыстармен достық және іскерлік қарым-қатынастарды кеңейту.
  • тәжірибе алмасу.
  • жастар арасында азаматтық және мемлекеттік патриотизмнін негізін тәрбиелеу, отанды сүю және мемлекеттік атрибуттарға: ҚР әнұранына, туына, елтаңбасына құрмет.
  • оқушылар арасында достық қатынасты нығайту.

Бағыт: Талдықорған – Алматы – Түркістан – Астана – Алматы – Талдықорған қалалары.

ШОЛУ КАРТАСЫ

01

Read more...

Туристік көпсайыс бойынша (біріктірілген туризм) (ересектер, юниорлар, жасөспірімдер арасында) Қазақстан Республикасының Чемпионатын өткізу туралы

2016 жылғы 10-14 тамыз аралығында Текелі қаласының аумағындағы Черкасай шатқалының маңында Туристік көпсайыс бойынша (біріктірілген туризм) (ересектер, юниорлар, жасөспірімдер арасында) Қазақстан Республикасының Чемпионаты (бұдан әрі — Чемпионат) өткізіледі. 

Сайыстар белсенді және салауатты өмір салтын насихаттау, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардағы іс-әрекет туралы білімін, дағдыларын қалыптастыру, туристік жорықтар мен саяхаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сайыстарды өткізудің жаңа формаларын анықтау, туристік көпсайыс бойынша сайыстарды дәріптеу, үздік командаларды анықтау.

Сайыстарға туристік-спорттық клубтардың, білім беру мекемелерінің, қоғамдық, коммерциялық және өзге де командалар қатыса алады.

Чемпионаттың Ережесі қоса беріліп отыр.

Томас және Люси Аткинсондардың ұлы — Алатау-Тамшыбұлақ Аткинсонға мемориалды тас орнату рәсімін өткізу бойынша

Қазақстан республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің қолдауымен 2015 жылғы қараша айында «First» баспа үйімен Н. Филдингтің «Оңтүстікке Ұлы Далаға қарай: Томас және Люси Аткинсондардың Шығыс Қазақстанға 1847—1852 жылдардағы саяхаттары» атты кітабы басып шығарылды. Аталған жоба Қазақ хандығының 550-жылдық мерейтойы және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы мерекелеу шеңберінде жүзеге асырылды. Кітап ХІХ ғасырда біздің елімізге сапар жасаған алғашқы британ саяхатшысы және суретшісі — Томас Аткинсонның әйелі Люси Аткинсонмен бірге жасаған саяхаты туралы жазылған.

Read more...

Жетіген-Достық-Жетіген маршруты бойынша ақпарат

Алакөл көлінің жағалауында демалушылар ағымының жыл сайын артуын ескере келе, 2015 жылдан бастап «Жетіген-Достық-Жетіген» маусымдық теміржол қатынасы жергілікті бюджеттен субсидияландырылады.

Ағымдағы жылы ашық тендер негізіндегі байқаудың қорытындысына сәйкес, әлеуметтік маңызы бар қатынасты темір жол жолаушыларының тасымалын іске асыратын тасымалдаушы ретінде «Тұран Экспресс» жолаушылар компаниясы» ЖШС анықталды. Келісімшарт 65, млн. теңге сомағы жасалды.

Пойыз аптасына 3 рет кешкі уақытта қатынайды.

Теміржол пойызының құрамы — 7 купе және 2 плацкарт. Билет құны: купе — 4438 теңге, плацкарт — 2783 теңге. Балалар билеті билет құнының 50% құрайды.

Тоқтау бекеттері: Жетіген ст., Сарыөзек ст., Үштөбе ст., Матай ст., Лепсі ст., Бескөл ст., 13 жол айырығы (Ақши ауылы), Көктұма ст., Достық ст.

Вагондарда заманауи жылыту мен ауаны кондициялау жүйесі, бір вагонда мүмкіндігі шектеулі жолаушыларды отырғызу және түсіру мүмкіндіктері қарастырылған.

«Жетіген-Достық-Жетіген» маршруты бойынша теміржол құрамын ресми іске косу 2016 жылғы 17 маусымда «Алматы-2» теміржол бекетінде өтті.

«ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық шеңберінде әлеуметтік туризмді дамыту» тақырыбында семинарын өткізу туралы

Алматы облысында туризмді дамытудың Мастер-жоспарын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында 2016 жылғы 22 шілдеде Қапшағай қаласының «Victoria – hotel & SPA» қонақ үйінің базасында «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық шеңберінде әлеуметтік туризмді дамыту» тақырыбында семинарын өткізу жоспарланып отыр.

Семинар барысында «ЭКСПО-2017» көрмесіне дайындық жұмыстарының басымдылықтарын анықтау, әлеуметтік туризмнің дамуына жағдай жасау, туристік нысандардың мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қолжетімділігі және т.б. мәселелерді қарастыру көзделіп отыр.

Қатысушылар контингенті: аудан және қала әкімдіктерінің туризм саласына жетекшілік ететін қызметкерлері, МҰТП мен туристік бизнестің (турфирмалар мен орналастыру орындары), қоғамдық ұйымдардың, БАҚ-тың өкілдері.

Тау және жаяу туризмі бойынша «Жоңғария-2016» ашық республикалық туриадасы

Салауатты өмір салтын насихаттау, өңірде туризмді спорт түрі ретінде дәріптеу, Жоңғар Алатау тауларында туристік маршруттарды жобалау, табиғатқа ұқыпты қарауды тәрбиелеу мақсатында 2016 жылғы 15 мен 30 шілде аралығында Жоңғар Алатауының Орталық тау жоталарында тау және жаяу туризмі бойынша «Жоңғария-2016» ашық республикалық туриадасы өткізіледі.

Туриаданың міндеттері: спорттық туризмге жастарды тарту, санатты туристердің санын көбейту, тау туризмі техникасы бойынша дағдыларды және білімді тәжірибеде қолдану және үйрету, нұсқаушы құрамын дайындау, Қазақстан Республикасы мен ТМД мемлекеттері туристік ұйымдарының өзара байланысын жақсарту.

Туриадада Қазақстан Республикасы облыстарынан, сонымен қатар Астана және Алматы қалаларынан 4-12 адамнан тұратын құрама туристік топтар қатысады. Маршруттардың күрделілік санаттары: 2-ші, 5-ші, туризм түрі – тау және жаяу.

Туристік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасының Кубогына қатысатын топтардың құрамы «Туристік көпсайыс бойынша Қазақстан Республикасының Кубогын өткізу бойынша ережелеріне» сәйкес келеді. Туриадаға қатысқысы келетін топтардың міндетті түрде тиісті дайындығы және «2013—2016 ж.ж. туристік спорттық жорықтарды өткізу ережелеріне» сәйкес, санатты маршруттарды өтуді растайтын құжаттары болуы қажет.

Туриадаға қатысуға байланысты сұрақтар бойынша: 8 777 247 09 03, 8 701 216 37 64 Бобрусов Александр Владимирович alex_tk73@mail.ru хабарласа аласыздар.

Милан қаласында (Италия) ЭКСПО-2015 халықаралық көрмесіндегі қазақстандық павильонның миллионыншы келушісіне арналған экскурсия. Өткізу уақыты: 26-27 маусым 2016 жыл

2016 жылғы 26-27 маусым аралығында Алматы облысына Милан қаласында (Италия) ЭКСПО-2015 халықаралық көрмесіндегі қазақстандық павильонның миллионыншы келушісі Даниеле Берго оның жолдасы Мария Кристина Галли және олардың достары Киара Ванда Мартини, Марилена Жозепина келді. Алматы облысының аймағында болу мерзімінде қонақтар Көлсай көлдері және Шарын шатқалы туристік нысандарына барды.

_01
_02
_03
_04

Қапшағай су қоймасындағы Алматы облысы әкімінің кубогына халықаралық желкенді регатасы. (11-19 маусым 2016 жыл)

2016 жылғы 11-19 маусым аралығында Қапшағай су қоймасында Алматы облысы әкімінің кубогына халықаралық желкенді регатасы өтті. Регатаның мақсаты облыстағы желкенді туризмнің, белсенді демалысты дәріптеу және облыстың туристік мүмкіндіктерін жарнамалау болып келеді. Регатаға 30 команда қатысты. Соның ішінде Ресей Федерациясынан (Санкт-Петербург, Омск, Томск, Ижевск, Новосибирск, Новокузнецк). Регата 6 кезеңнен тұрды.

_01
_02
_03

Ресей Федерациясының (Татарстан Республикасы, Свердловск облысы) туроператорларына арналған Алматы облысының туристік нысандарына ақпараттық тур

2016 жылғы 6-8 маусым аралығында Алматы облысының туризм басқармасымен Ресей Федерациясының (Татарстан Республикасы, Свердловск облысы) туроператорларына арналған ақпараттық тур өткізіліп ұйымдастырылды. 6 аусым күні туроператорлар «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне барды.

01

Read more...

Солтүстік Қазақстан облысының туризм апталығы туралы

Ішкі және келу туризмін дамыту мақсатында 2016 жылғы 

9-11 маусым аралығында Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысының туризм апталығын» өткізу жоспарланып отыр, оның шеңберінде келесі іс-шаралар өткізу қарастырылған:

— «Қызылжар. Туризм – 2016» I-ші Өңірлік туристік көрмесі
(9 маусым).

Көрме бағыттары: белсенді және оқиғалы демалыс, мәдени-танымдық, экологиялық туризм, емдік-профилактикалық және санаторлы-курорттық демалыс, белсенді демалыс және спорт (туристік керек-жарақтар мен құрал-жабдықтар), қонақ үй бизнесі, кәдесый өнімдері мен саяхатқа арналған тауарлар, туристік маршруттар мен автобустық-экскурсиялық турлар, туристік кадрларды даярлау, гастрономиялық туризм, ұлттық мәдениеттер аллеясы.

— ҚР және РФ туроператорлары мен БАҚ-тарына арналған ақпараттық тур (9-10 маусым).

Іс-шара өңірдің үздік демалыс объектілері, көрікті аймақтары (театрлар, мұражайлар, ботаникалық саябақ, аквапарк) Петропавл қаласы, Қызылжар және Айыртау аудандарындағы қонақ үйлер, тамақтану объектілерін көрсетуді ұсынады.

— «ҚымызFest» фестивалі (11 маусым).

Фестиваль 4 бағытта өтеді:

1) Аспаздық бағыт;

2) Халық жәрмеңкесі;

3) Спорттық жарыстар;

4) Ат карнавалы.

Осы іс-шара облыстың тартымды туристік имиджін қалыптастыруға, туристік салада іскерлік және әріптестік байланыстарды дамытуға және кеңейтуге, қатысушылар арасында тәжірибе және жаңа идеялармен алмасуға ықпал ететін өңір үшін маңызды оқиға болып табылады.

Көрмеге қатысу үшін Қазақстан Республикасы өңірлерінің туристік мекемелері, Ресей Федерациясы мен басқа да елдердің туристік компанияларының өкілдері, туристік бизнестің қоғамдық бірлестіктері шақырылады.

Осыған байланысты, апталыққа қатысу туралы өтінімдеріңізді 2016 жылғы 25 мамырға дейін 8 (7152) 50-22-89 телефоны бойынша немесе otdelturizm@sko.kz электрондық мекенжайына жолдауды сұраймыз.

 

 

Туризмді дамытуға арналған І облысаралық форум

Информация об Лечебно-оздоровительном комплексе «Балхаш»

Ұлы Дала Елі» облыстық экспедициясын (туристік жорығын) өткізу туралы

2016 жылғы 15-25 маусым аралығында Алматы облысының аумағында «Ұлы Дала Елі» облыстық экспедициясын өткізу жоспарланып отыр.

Іс-шараның мақсаттары:

  1. ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтардың, туризмнің жаһандық этикалық кодексінің негізінде – саяхатар ұйымдастыру және ішкі туризмнің мүмкіндіктерін пайдалану арқылы экспедицияға қатысушы жастардың тұлғалығын қалыптастыру және дамыту;
  2. жастардың азаматтық негіздерін және қазақстандық патриотизмге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
  3. өскелең ұрпақтың туристік мәдениет дағдыларын және экологиялық тәлімдерін бекіту.

Экспедицияға Алматы облысының жалпы білім беру, кәсіби мектептердің, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының студенттері, сонымен қатар жастардың, қоғамдық, туристік және спорттық ұйымдарының мүшелері қатысады.

Экспедицияға алғаш рет қатысқан маршруттың қатысушыларына «Қазақстан саяхатшысы» белгілері беріледі.