Конкурстар

20.11.2017
«Алматы облысының туризм басқармасы» ММ аталған мемлекеттік органда «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды
30.11.2017
«Б» корпусының D-О-4 санаты бойынша Алматы облысының туризм басқармасы Инфрақұрылым және ішкі туризмді дамыту бөлімінің бас маманы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына жалпы конкурс жарияланған орынға құжат тапсырған және 2017 жылғы 07 желтоқсанда сағ. 17-00 де өткізілетін әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі

  • Атабаева Мадина Меделбековна;
  • Тұрсынжан Қуаныш Айдарұлы;
  • Мырзағұлов Рауан Берікұлы.

Жоспарланған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы туралы қызығушылық білдіруге сауал. Алматы облысының туризм басқармасы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасын бастамашылық етуде

Жобаның атауы: Текелі қ. қоғамдық бассейнің жаңғырту, абаттандырумен сенімгерлік басқаруға беру

Аймақ: Алматы облысы, Текелі қаласы

Сала: Туризм

Жобаның жоспарланған құны:

Инвестициялық шығындар — 83,4 млн.теңге.

Техникалық күрделі жобаға жатпайды.

Іске асыру кезені: 2018—2019 жыл.

Жобаны еңгізу мерзімі: 2019 жыл.

Пайдалану кезеңі: 2020—2048 жылдар.

Өндірістік/техникалық көрсеткіштер:

Бассейннің жаңғыртуы, аумақтың абаттандыруы, демалыс аймағының құрылысы, қажетті инфрақұрылымды жүргізу.

Мемлекеттік тарапынан қолданатын болжамдық шаралар:

Инвестордың инвестициялық компенсациясы, операциялық шығын компенсациясы, басқарма шығының қайтару.

Балама ұсыныстарды жіберетін ақтық мерзімі:

15 желтоқсан 2017 жыл

Контакты ответственного лица:

Аутаева Жанат Нурсултановна – «Алматы облысының туризм басқармасы» ММ-нің бас маманы.

Алматы облысы, Талдықорған қ., Қабанбай батыра к., 26, 310 каб.

Жұмыс тел.: + 7 (7282) 32-93-86


Алматы облысының туризм басқармасымен 2017 жылғы 1-3 қараша күндері аралығында «Рұхани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жетісудың жеті кереметі» өлкетану экспедициясы өткізілді

Аталған іс-шараның мақсаты бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жариялау арқылы Алматы облысының бірегей жерлерін халық ішінде насихаттау; өскелең ұрпақты өлкенің көрікті жерлерімен таныстыру; Алматы облысына туристердің ағымын ұлғайту және өңірдің беделін арттыру болып табылды.

Экспедицияға бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, өңірлік және республикалық деңгейдегі қоғамдық ұйымдар, туриндустрия, турклубтар мүшелері, Жетісу мемлекеттік университетенің студенттері қатысты. Қатысушылар жалпы саны – 20 адам.

Үш күндік экспедиция Еңбекшіқазақ, Кербұлақ, Панфиловй, Уйғыр аудандары мен Талдықорған, Қапшағай қалаларындағы тарихи маңызы бар табиғи ескерткіштер мен мұражайларды қамтыды.