Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы

Информационный центр

Алматы облысының туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы облыс әкімдігінің 2014 жылғы 3 сәуірде №108 қаулысымен бекітілген кәсіпорынның жарғысы негізінде жұмыс атқарып келеді.

Кәсіпорын мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорын түрінде құрылып, заңды тұлға ретінде коммерциялық емес ұйым болып табылады. Кәсіпорын құрылтайшысы «Алматы облысы әкімі аппараты, ал басқаруды жүзеге атқаратын орган «Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Кәсіпорынның мақсаты мен негізгі қызмет түрлері:

  • туристік әлеует, туризм нысандары және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру;
  • балалар мен жастрадың туризм және экскурсия лагерьлері, клубтары мен туристер бірлестіктерінің қызметіне және өз бетінше ұйымдастырылатын туризмді дамытуға көмек көрсету;
  • туристік қызмет туралы анықтамалық ақпараттық жүйені қамтамасыз ету және жаңарту;
  • туристік қызметті ұйымдастыруда әдістемелік, кеңес берушілік, тәжірибелік көмек көрсету;
  • жарнамалық, маркетингтік, ақпараттық қызметтерді ұйымдастыру, туризм саласында іс-шаралар өткізу;
  • туристік саланы дамыту мақсатында инновациялық технологиялардың жүйесін енгізу;
  • республикалық және шетелдік туристік ұйымдармен серіктестік орнату.

Read more...