2015 жылғы 29 маусым күні «Алматы-Жетіген-Достық» қатынасындағы жазғы маусымға арналған пойыздың тұсаукесері өтеді

Алматы облысында Алакөл көлінің жағалауында туризмді дамытуға ерекше мән берілуде.

Осыған байланысты, облыс әкімдігі «Алматы-Жетіген-Достық» қатынасында жазғы туристік маусымға арналған жаңа жолаушылар пойызын субсидияландыру туралы шешім қабылдады.

Тұрғындарды Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс аймақтарына теміржол арқылы жеткізу бойынша қызметпен қамтамасыз ету үшін келесідей сызба бойынша толық жасақталған 6 жолаушылар вагоны бар «Алматы-Жетіген-Достық» қатынасындағы № 452/451 жолаушылар пойызы тағайындалды: 5 бөлмелі вагон – 36 орын (Б), 1 ұйықтайтын вагон — 18 орын (ҰВ).

Демалыс орындарына бару құны:

  • Алматы-2 — Көктұма (ҰБ) -вагонда – 7 284 тг., Б-вагонда – 3 424 тг.;
  • Алматы-2 — Жалаңашкөл (ҰБ) -вагонда – 8 005 тг., Б-вагонда – 3 748 тг.;
  • Алматы-2 — Рзд-13 (ҰБ) -вагонда – 7 284 тг., Б-вагонда – 3 424 тг. Аталған пойыз аптасына 3 рет жүріп тұрады.

Облыс әкімінің орынбасары С.М. Тұрдалиевтің тапсырмасына сәйкес, сонымен қатар, аталған маршруттың тұрғындар мен көл жағалауына демалыс ұйымдастыратын туристік фирмалар үшін маңыздылығына байланысты,    2015 жылғы 29 маусым күні «Алматы-2» теміржол вокзалының конференц залында осы мәселе бойынша пресс-конференция және аталған пойыздың салтанатты іске қосылуы өткізіледі.

Пресс конференцияның қатысушылары: Алматы облысы әкімдігінің, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының, Алматы қаласы туризм басқармасының, БАҚ-тың, Қазақстан туристік қауымдастығының, Алматы қаласындағы туристік фирмалардың өкілдері болады деп жоспарлануда. Пресс конференция барысында аталған пойыздың презентациясы жасалып, «Алматы-Жетіген-Достық» қатынасындағы пойыздың мүмкіндіктері мен даму персективалары талқыланады.

2015 жылғы 30 маусымда сағат 9.25-те Алакөл ауданының әкімдігі пойыз жолаушыларын «Разъезд 13» станциясында (Ақши ауылы) салтанатты қарсы алуды ұйымдастырады.