Басшылық

Алшымбаева Жанар ГалифулдақызыАлшымбаева Жанар Галифулдақызы 1979 жылы туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін және Алматы гуманитарлық техникалық университетін «туризм менеджері, география мен туризм оқытушысы», «экономист» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын Алматы облысы әкімі аппаратының туризм жөніндегі бөлімінің бас маманы болып бастады. Әр жылдарда Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігі Халықаралық туристік қатынастарды дамыту басқармасының бас маманы, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Сауда және туристік қызмет көрсету рыногын реттеу және үйлестіру, сол сияқты халықаралық туризмді және ынтымақтастықты дамыту бөлімдерінің бастығы, «Райым-Тур KZ» ЖШС-ның атқарушы директоры, Алматы облысының туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім бастығы, «Arnai tour» ЖШС-ның менеджері лауазымдарын атқарды.

2014 жылдың ақпанынан- Алматы қалалық туризм басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарды.


«Алматы облысының туризм басқармасы» ММ-нің басшысы Ж.Алшымбаеваның 2015 жылға жеке табыс және мүлік бойынша салығының ДЕКЛАРАЦИЯСЫ