Амандастыру

 

Құрметті Интернет желісін қолданушылар!

Алия Абугалиева

Алматы облысы туризм басқармасының сайтына қош келдіңіздер!

Біздің сайтымыздан Сіздер облыстың туристік нысандары, тарихи-мәдени ескерткіштері, табиғи қорықтар мен парктер, туристік фирмалар мен орналастыру орындары туралы қажетті ақпаратты таба аласыздар.

Саяхаттауға және әлемді тануға ұмтылатындар біздің Жетісу жерінен табиғаттың талай тартымды туындыларын, құнды да қастерлі орындарын көріп, тамашалай алады.

Сонымен қатар, біздің сайт басқарманың туризм саласында жүргізетін жұмыстары туралы жылдам әрі анық ақпарат алуға жол ашады. Біздің сайтта орналастырылған ақпарат үнемі толықтырылып және жаңартылып отырады.

Сәттілік тілейміз!