Талдықорған қаласы мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында «Менің сүйікті Жетісуым!» атты өлкетану викторинасы

2017 жылғы 15 ақпан айында Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы және М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейі бірлесе ұйымдастырған балалар арасында азаматтық және мемлекеттік патриотизмнің негізін тәрбиелеу, отанды сүю және жасөспірімдер туризмін дамыту мақсатында Талдықорған қаласы мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында «Менің сүйікті Жетісуым!» атты Алматы облысы бойынша өлкетану викторинасы өткізілді.

Add a translation in Русский

Қатысушылардың жалпы саны – 76 оқушы, оның ішінде: №2, №4, №5, №7, №8, №9, №10, №12, №13, №15, №16, №17, №20, №22, №23, №25 орта мектептері, №19 М. Жұмабаев атындағы орта мектеп гимназиясы, №1 Абай атындағы орта мектеп гимназиясы, Талдықорған қазақ-түрік жасөспірімдер лицей-интернаты. Әр мектептен 4 оқушыдан қатысты.

Викторина бағдарлама бойынша 15 ақпанда Талдықорған қаласында Оқушылар сарайы ғимаратында өтті. Викторина 2 кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде балалар теориялық видео және фото- сұрақтарға, тест сұрақтарына жауап беріп ұпай жинады.
Екінші кезеңде оқушылар Алматы облысының картасымен тәжірибелік сұрақтарға жауап беріп және «Жетісу шетелдіктердің көзімен» атты флэш-моб көрсетіп ұпай жинады.

Екі кезеңнің қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған және бірінші орынды иеленген №8 орта мектеп оқушылары болды. Екінші орынды Талдықорған қазақ-түрік жасөспірімдер лицей-интернаты, ал үшінші орынды №20 орта мектеп оқушылары иеленді.

Бірінші, екінші, үшінші орынды иеленген 12 оқушыға және жетекшілеріне бағалы кәдесыйлар мен М.Тынышпаев атындағы Алматы облыстық тарихи-өлкетану музейіне ақысыз экскурсияға билеттер және барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Аталған викторинаның мақсаты мен міндеттері: Балалар арасында азаматтық және мемлекеттік патриотизмнің негізін тәрбиелеу, Отанды сүю және жасөспірімдер туризмін дамыту, балалардың өз өлкесіне деген қызығушылықтарын арттыру және білімдерін шыңдау.