Алматы облысының туризм басқармасы 2017 жылғы 13-18 наурыз аралығында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысу шеңберінде білікті гидтерді (гид-аудармашыларды) дайындау бойынша курстар ұйымдастырылатындығын және өткізілетіндігін хабарлайды.
Өтетін орны — Текелі қаласы, Орталық Азия Университетінің базасы.
Курстар шетел тілін меңгерген ЖОО түлектерінің және қолданыстағы гидтердің, аудармашылардың, экскурсоводтардың, облыс аудандары мен қалаларының мұғалімдерінің, ұлттық табиғи парктердің қызметкерлерінің (ЭКСПО-2017-ге енгізілген маршруттар бойынша) арасында жүргізіледі.
Аталған курстардың ұзақтығы — 6 күн, 48 академиялық сағаттан кем емес, 2 кезеңнен (теориялық және практикалық кезеңдерден) тұрады.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2008 жылғы 23 қазандағы № 01-08/181 бұйрығымен бекітілген Туристік қызмет саласындағы мамандарды қайта даярлау және біліктілігін арттыру ережесіне сәйкес, курстардың қатысушыларына тиісті үлгідегі сертификат пен гидтің (гид-аудармашының) куәлігі табысталатын болады.

Жауапты маман: А. Бақтыбекқызы
Тел... +7 (7282) 24-43-15, 8702 923 34 50