ПРЕСС-РЕЛИЗ

Еліміздің экономикасын дамытудың стратегиялық бағыттарының бірі Қазақстанның кіру және ішкі туризмін дамыту болып табылады. Осыған байланысты, экскурсиялық қызметтің негізгі тұлғалары — экскурсоводтар мен гид-аудармашыларды кәсіби дайындау өте өзекті.

Алматы облысы экономикалық өсім мен туризмді дамыту құралы ретінде экскурсияларды дамыту үшін үлкен мүмкіндіктерге ие.

Облыс аумағында негізгі туристік құндылықтар орналасқан: Таңбалы петроглифтері (ЮНЕСКО нысаны); ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміне енгізілген «Алтынемел» МҰТП; Алакөл мен Балқаш көлдері, «Шарын» МҰТП-нің аумағындағы Шарын шатқалы, Қапшағай су қоймасы, Көлсай көлдері және т.б.

2333-ден аса тарихи ескерткіш, оның ішінде 7 табиғи ескерткіш, ЮНЕСКО-ның 4 ескерткіші, Республикалық маңыздағы 7 ескерткіш, 1857 археологиялық ескерткіш және өзгелер орналасқан.

Экскурсиялық қызмет — кәсіби қызметтің ерекше түрі, оған белгілі бір талаптар қойылады. Экскурсиялық істегі негізгі тұлға — гид (экскурсовод). Өкінішке орай, бүгінгі күні туристік мекемелерде экскурсовод ретінде қызмет ететін көптеген қызметкерлер экскурсиялық методиканығ қыр--сырын игермеген.

Аталған іс-шараны өткізудің мақсаты — облыстағы экскурсия нысандарында, сонымен қатар, «ЭКСПО-210170» халықаралық мамандандырылған көрменің қатысушылары үшін әзірленген маршруттарда экскурсия өткізе алатын гидтерді дайындау.

Анықтама үшін:
«Путешествие в страну наскальных рисунков» («Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі, «Asia Discovery» туркомпаниясы);
«Путешествие к «Золотому Седлу» («Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Жібек Жолы» туркомпаниясы);
«В заповедный край Джунгарии» («Жоңғар Алатауы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Жібек Жолы» туркомпаниясы);
«Путешествие в долину замков» («Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Жібек Жолы» туркомпаниясы);
«ГНПП Кольсай Кольдери» («Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Жібек Жолы» туркомпаниясы).

Облыстық туризм басқармасымен туристік мамандарды дайындау және олардың біліктілігін арттыру бойынша кешенді жұмыс жүргізілуде.

«ЭКСПО-2017-ге» дайындық шеңберінде 2016 жылы Талғар ауданы мен Қаскелең қаласындағы орналастыру және тамақтандыру орындарының қызметкерлері үшін бірқатар оқу курс-тренингтері өткізілді. 2016 жылы 7-8 қазан аралығында «Recommended by EXPO-2017» бағдарламасына қатысуға ұсынылатын туристік нысандардың мамандары үшін мастер-класстар өткізілді. Курстарға қатысушылардың жалпы саны 65 адамды құрады, оларға тиісті сертификаттар табысталды.

Бүгінгі курстар Орталық Азия университетінің базасында өткізілуде, курстардың оқытушысы — Оразымбетова Бахыт Камаловна — туризм сарапшысы, Мұражайлардың халықаралық кеңесінің мүшесі, Ұлттық тренер, Қазақ спорт және туризм академиясының сарапшы-әдіскері.

Курстардың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға тиісті куәліктер табысталатын болады.