«Қасиетті Қаратал-әулиелер мекені» экскурсия

Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы 2017 жылғы 13 сәуірде тарих шежіресіне көз жібере отырып, қасиетті Қаратал ауданы аймағында орналасқан әулиелер мен билерді жұртшылыққа насихаттау мақсатында «Қасиетті Қаратал-әулиелер мекені» атты тарихи-мәдени экскурсия ұйымдастырды. «Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы» көп профилді оқу-ғылыми өндірістік кешенінің білімгерлері Ескелді би, Айту би, Балпық би, Қарымбай әулие және Жолбарыс әулие кесенесінің тарихымен танысып қайтты.