Балаларға арналған облыстық туристік «ТУРИСТЯТА» жарысы туралы ақпарат

2017 жылдың сәуір айының 13-15 күндері аралығында Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығында 8-13 жас аралығындағы балаларға «ТУРИСТЯТА» атты турістік жарыс өткізілді. Жарыс жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінді: балалар және жасөспірімдер. Жарысқа 80-ге жуық балалар қатысты.

Жарыс бағдарламасында туристік спорттық жарыстар және байқаулар болды:

  • Команданы таныстыру
  • Жасанды бедерде кедергілер жолағынбағындыру
  • Туристік білгірлер сайысы
  • Туристік ән байқауы
  • Аймақта бағдарлану



Жарысқа облыстың аудан қалаларынан 15 команда қатысты. Балалар өздерінің білім дағдыларын көрсетті.

Қорытындысында балалар тобында орындар келесідей орналасты:

  • 1 орын – «Джунгария» командасы – Талдықорған қаласы
  • 2 орын – «Туристы» командасы – Текелі қаласы
  • 3 орын – «Тритон» командасы – Көксу ауданы

Жасөспірімдер тобында:

  • 1 орын – «Истоки» командасы – Талдықорған қаласы
  • 2 орын – «Истоки-1» командасы – Талдықорған қаласы
  • 3 орын – «Джунгария» командасы – Талдықорған қаласы