Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі тұрғындардың іс-қимылдары жөніндегі жаднама


Егер сіз қауіпсіз жерге көшіруді бастау туралы ақпаратты үйіңізде естісеңіз:

  1. ауа-райына қарай киініңіз, құжаттарыңызды, ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
  2. электрді, газды, суды ажыратыңыз, пештегі (алау ошақтағы (камин) отты сөндіріңіз;
  3. көшу кезінде қарияларға және ауыр науқастарға көмек көрсетіңіз;
  4. кіреберіс есікті құлыпқа жабыңыз;
  5. ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың рұқсатынан кейін ғана қайта оралыңыз.

Егер сіз қауіпсіз жерге көшіру туралы ақпаратты жұмыс орныңызда естісеңіз:

  1. асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейфке немесе кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз;
  2. өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз;
  3. ұйымдастыру техникаларын, электр құрылғыларын сөндіріңіз;
  4. есікті кілттеп жабыңыз және көшіру тәсілінде белгіленген бағытпен жүріңіз;
  5. егер өзіңізді байлап немесе көзіңізді жапса, бойыңызды еркін ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз;
  6. ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының командасын орындаңыз.