Astana Leisure 2017


Алматы облысының делегациясы, 2017 жылдың 27-29 қыркүйек аралығында Астана қаласында өткен ASTANA LEISURE-2017 14-ші Қазақстандық халықаралық туристік көрмесінің жұмысына қатысты.

Қазақстанның ортақ стендінде, «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы» кластерінің шеңберінде облыстың туристік әлеуеті кеңінен көрсетілді: 4 мемлекеттік ұлттық табиғи парктер, «ТұмарТранс» туроператорлық көлік компаниясы, «Ақбұлақ» спорттық-сауықтыру кешені, «ЖетісуResortSPA» шипажайы, «Atlantis», «Пеликан» және «Aquamarine Resort» демалыс аймақтарының өкілдері.