«Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Байланыс ақпараттары: Алматы облысы, Сарқан қаласы, Арычная көшесі №74, тел.: 8 (72839) 2-33-83; e-mail: gongar_alatau@mail.ru

Жалпы алаңы: 356,022 мың га

Өсімдік және жан-жануар әлемі түрлері саны:

  • сүтқоректілер – 52;
  • құстар – 238;
  • бауырымен жорғалаушылар – 8;
  • қосмекенділер – 2;
  • балықтар – 2;
  • өсімдіктер – 76.

Жоңғар-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі 2010 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының негізінде құрылды. Парк Жетісу Алатауы жотасының солтүстік беткейінде орналасқан. Ол батыстан шығысқа шамамен 300 км-ге созылып жатыр. Парк алаңы – 356022 га.

Бұл аймақта ең биік шың Семенов-Тянь-Шаньскийдің шыңы орналасқан. Ол теңіз деңгейінен 4622 метр биіктікте жайғасуда.

Ұлттық Парктың негізгі мақсаттары мен міндеттері – табиғи тау ландшафтарының қайта қалпына келуі мен сақталуы және рекреация мен таныстыру қызметінің сан алуан түрлерін ғылыми зерттеу мүмкіншіліктері.

Жоңғар-Алатау ұлттық табығы паркінің территориясы – әдемілік жағынан таңқалдырарлық жер бұрышы, ол қазақстандықтар үшін ғана емес, Еуропаның, Азия, Американың кез-келген аймағынан келген туристер үшін тамаша орын. Аймақтың бірегей табиғи шарттары, жағымды климат және тау ландшафтының маңызды эстетикалық тартымдылығы өсімділік әлемінің байлығы мен алуан түрлілігімен толығады. Атап айтқанда, алдымен және Қазақстанның Қызыл кітабына енген әсем қылқанды ормандар мен жан-жануарлардың маңызды көлемімен көбейіп отыр.

Мұнда Жетісу Алатауында өсетін 112 отбасына жататын, 622 түрлі және 2168 түрге сұрыпталатын өсімдіктердің 75%-ы кездеседі. Өсімдіктің 76 түрі әлемде тек Жетісу Алатауында ғана кездеседі.

Парктің жан-жануарлдар әлемі де бай. Бұл аймақта сүтқщоректілердің 52 түрі, құстардың 238 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, су мысықтарының 2 түрі кездеседі. Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктердің 12 түрі, қосмекенділердің 2 түрі, сүтқоректілердің 6 түрі және жұмыртқалайтын құстардың 2 түрі ұшырасады.

Сонымен қатар, жалбағай, монақ, лашын, дуадақ, безгелдек, жек, сұр көгершіндер және сүтқоректілерден — тянь-шаньның сұр аюы, түркістан сілеусіні, қар барысы, тянь-шань арқарын кездестіру мүмкіншілігіне ие боласыз.

Парк теңдесіз табиғат кешендері мен биологиялық алуандылықпен ғана емес, ол тарихи-мәдени мұрамен қымбат. Ұлттық парк территориясында орналасқан археологиялық ескерткіштер алғашқы темір дәуірінің жемісі. Темір дәуірінде Қазақстанда көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы қалыптасып, бұл дәуір – көшпенділер дәуірі деп аталды. Сақ тайпасы тарихының, оның материалды, рухани мәдениетінің бастауы зираттар, қорғандар, тас жазулары, сақтардың қазынасы сынды археологиялық ескерткіштер болып табылады.

Үйгентас шатқалында Тентек өзенінің оң жағалауында орналасқан Үйгентас зираты, Сарымсақты өзенінің алқабы қорғандары, Қараағаш жотасы беткейіндегі, Көктөбе асуында (1814 м), Жүнжүрек тауында, Қарыпша шатқалындағы тас жазуларында, Інілі шатқалының оң жағында, Сарқан қаласынан 7 км-де, Басқа өзенінің сол жағалауында жабайы аңдар мен ежелгі жазулар, ал Тополевка ауылында XIII ғсырда толтырылған Динар Хорезм шах Мухаммед бен Текеш туралы мәліметтер бар.

Қорыта айтқанда, Парк жергілікті және халықаралық туризмді ұйымдастыруда тамаша шарттар жасайды. Оның бағдарламасы ұлттық Парктің теңдесіз табиғат ерекшеліктерін біздің елдің тарихы мен табиғат байлықтарын зерттеу мақсатында архелогиялық және мәдени ескерткіштерге барумен байланыстырады.