Рафтинг для новичков — соревнования на реке Чилик

Алоха!!!

Продолжается регистрация на первый этап Кубка Казахстана 2018
CHILIK SPRINT RACE - ежегодные соревнования по Рафтингу среди НОВИЧКОВ.
Мокрые покатушки на лодках пройдут 23-24 июня на реке Чилик (недалеко от поселка Малыбай).

Читать дальше


«Апорт Ақ-Тас» және «Долина-3» таулы курорттарының жобалары таныстырылды

2018 жылдың 31 мамырында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары А.Мамин Алматы облысына жұмыс сапары барысында «Апорт Ақ-Тас» және «Долина-3» таулы курорттарының жобалары таныстырылды.

Тау кластерініңқұрылуықосымша жұмыс орындарымен 3 мыңнан астам адамды қамтамасыз етеді және туристік ағымды 60 мыңнан (2017) 1,5 млн. Адамға дейін (2023 жылға қарай) ұлғайтады.

 



Туристік маусымда бірқатар субсидияланған ішкі рейстер ашылады

Ішкі туризмді және Қазақстанның курорттық аймақтарына көлік қатынасын дамыту мақсатында биыл бірқатар ішкі маршруттар ашылды. Атап айтқанда, жазғы кезеңде Астана мен Алматыдан Балқашқа, Үшарал мен Үржарға тұрақты әуе рейстері орындалады.

Балқаш көліне «Южное небо» әуе компаниясы Астана – Балқаш бағыты бойынша 9 000 теңгелік тарифпен (2018 жылдың 29 мамырынан бастап), ал Алматы – Балқаш бағыты бойынша 14 000 теңгелік тарифпен (15 мамырдан бастап) ұшатын болады. Сонымен қатар, осы әуе компания Шығыс Қазақстан облысы жағындағы Алакөл жағалауына Астана – Үржар бағыты бойынша 19 500 теңгелік тарифпен (16 мамырдан бастап) және Алматы – Үржар бағыты бойынша 16 000 теңгелік тарифпен (16 мамырдан бастап) рейстерді орындайды.

2018 жылғы 1 маусымнан бастап, «Жетісу» әуе компаниясы Алакөлдің Алматы облысындағы жағалауына Астана – Үшарал бағыты бойынша 16 000 теңгелік тарифпен ұшатын болады. Ал 27 мамырдан бастап, Алматы – Үшарал тұрақты рейсін 9 000 теңгелік тарифпен «Scat» әуе компаниясы орындайтын болады.

Рейстердің нақты уақытын әуе компаниялары мен әуежайлардан анықтауға болады.

 


«СИВЕРС АЛМАСЫНЫҢ ГҮЛДЕНУ» ФЕСТИВАЛІ

«Сиверс Алмасының Гүлдену» фестивалі Туризм басқармасының  ұйымдастыруымен алғаш рет ағымдағы жылдың 19 мамырында Алматы облысы, Саркан ауданы, Тополевка ауылында өтті.

Іс-шараның маңыздылығы Жоңғар Алатау тауының таулы аймағындаСиверсалма ағашының гүлденуіне арналды. Сиверсалма ағашы әлемнің алма ағашының барлық түрлерінің бастамашысы деп аталады.

Фестиваль барысында тек Жоңғар алатуында өсетін емдік өсімдіктердің көрмесі қойылып, халық назарына ұсынылды. Көрмеде балдың дәрілік қасиеттерін және одан жасалған бұйымдарды зерттеуге мүмкіндік болды.

Сонымен қатар ұлттық спорттық ойын (асық ату, теңге алу, аударыспақ, арқан тарту) түрлерінен жарыстар, туристтік бағыттардағы ойындардан жергілікті жерді компоспен бағдарлау, уақытқа палатка құру және тағы басқа жарыстар өткізілді.

Тау бөктерінде 6 қазақ үй тігіліп, ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтар көрмесі (ұлттық аспаптар, қол өнер бұйымдары, бүркітшілер т.б.) ұйымдастырылды. Шара өтетін орында сахна құрылып эстрада әншілерінің концерттік бағдарламасы ұсынылды.

Фестиваль барысында палау басу мен бауырсақ пісіруден байқаулар өткізіліп, халыққа тегін таратылды.

Іс-шарада, ауданда өмір сүретін басым ұлт өкілдері (қазақ, татар, орыс), қазақстандық және шетелдік туристік агенттіктер, әуе өкілдері,  бұқаралық ақпарат құралдары мен блогерлер, жалпы алғанда 400-ден астам адам қатысты.

Ақпараттық тур аяқталғаннан кейін, Жоңғар Алатау ұлттық паркінде туристік әлеуетін дамыту жөніндегі пресс-конференциясы өтті.