2015 жылғы 29 маусым күні «Алматы-Жетіген-Достық» қатынасындағы жазғы маусымға арналған пойыздың тұсаукесері өтеді

Алматы облысында Алакөл көлінің жағалауында туризмді дамытуға ерекше мән берілуде.

Осыған байланысты, облыс әкімдігі «Алматы-Жетіген-Достық» қатынасында жазғы туристік маусымға арналған жаңа жолаушылар пойызын субсидияландыру туралы шешім қабылдады.

Тұрғындарды Алакөл көлінің жағалауындағы демалыс аймақтарына теміржол арқылы жеткізу бойынша қызметпен қамтамасыз ету үшін келесідей сызба бойынша толық жасақталған 6 жолаушылар вагоны бар «Алматы-Жетіген-Достық» қатынасындағы № 452/451 жолаушылар пойызы тағайындалды: 5 бөлмелі вагон – 36 орын (Б), 1 ұйықтайтын вагон — 18 орын (ҰВ).

Read more...

«Алматы облысы әкімінің кубогы» халықаралық желкенді регатасы іс-шарасының өткізілуі туралы

«Алматы облысының туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі

_news_003

«Алматы облысы әкімінің кубогы» халықаралық желкенді регатасы іс-шарасының өткізілуі туралы
АҚПАРАТ

Read more...

Балқаш көлінің жағалауында орналасқан «Балқаш» демалыс орнындағы демалушылар арасында «Нептун күні — 2015» атты іс-шарасы туралы

Мамыр айының 8-10 күндері аралығында Алакөл ауданы, Ақши ауылындағы «Пеликан» демалыс базасында «Крылья Алаколя» фестивалі өткізілді. Фестивальдың негізгі мақсаты құстарды және әйгілі реликті чайкаларды бақылау. Фестиваль Алматы облысының туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығының қолдауымен өткізілді.

Read more...

«Туристік маусымның ашылуы — 2015 және Алматы агломерациясының шеңберінде Алматы облысында туризмді дамыту перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел

2015 жылғы 5 маусым күні Қарасай ауданының Жандосов ауылындағы «Home club» отбасылық демалыс орталығында «Туристік маусымның ашылуы — 2015 және Алматы агломерациясының шеңберінде Алматы облысында туризмді дамыту перспективалары» тақырыбында облыс әкімінің орынбасары Серік Мелісұлы Тұрдалиевтің төрағалығымен дөңгелек үстел өтеді.

Read more...

Атақты 316 атқыштар дивизиясының панфиловшыларының ерлік көрсеткен жерлеріне «Ешкім ұмытылмады – ешнәрсе ұмытылмайды!» экспедциясы

Ұлы Отан Соғысының 70 жылдығына арнап туризм басқармасы 5 мамырдан 12 мамырға дейін атақты 316 атқыштар дивизиясының панфиловшыларының ерлік көрсеткен жерлеріне «Ешкім ұмытылмады – ешкім ұмытылмайды!» экспедциясы (бұдан әрі – экспедиция) ұйымдастырылды. Аталған экспедицияны туризм басқармасының сыртқы байланыстар, мемлекеттік қызмет және инвестициялық жұмыстар бөлімінің басшысы Оразбаев Бақытжан Қабдолданұлы басқарды. Экспедиция басталмас бұрын, экспедиция мүшелері Ақсу және Кербұлақ аудандарына екі батырдың туған жеріне барды. Ақсу ауданындағы Есеболатов ауылы Кеңес одағының батыры Нұрсұлтан Есеболатовтың туған жері. 27 сәуір күні Ақсу ауданы Есеболатов ауылында аудан басшылығы және батырдың туыстары қатысуымен салтанатты митинг өтті. Митинг аяқалғаннан кейін қатысушылар Н. Есеболатовтың ескерткішіне гүл шоғын қойып, туған жерінен топырақ алып арнайы капсулаға салды. Ол капсуланы Н. Есеболатов ерлікпен қаза болған жеріне апарып қояды.

Read more...

Іле-Балқаш регатасы

Мамыр айының 1 бастап 30 дейін Іле өзенінің бойында Алматы облысының туризм басқармасы 15-ші Іле-Балқаш регатасын (бұдан әрі – регата) ұйымдастырып өткізді. Осы жылы регатаға 78 команда қатысты, оның ішінде РФ өкілдері де болды. 1 мамыр күні регатаның салтанатты ашылуы өтті. Регатаның өткізілу мақсаты Балқаш көліне құятын Іле өзенінің тартылу мәселесіне қоғамның назарын аудару, соның ішінде халықаралық қоғамның.

Read more...

«KITF -2015» халықаралық туристік көрмесі туралы

_news_001Сәуір айының 21-25 күндері Алматы қаласында өткен «KITF -2015» халықаралық туристік көрмесінде Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығы Алматы облысының туристік әлеуетін және мүмкіншіліктерін насихаттау мақсатында туристтік объектілердің стендтері орнатылып, ақпараттық-жарнамалық материалдар тарату жұмыстары жүргізілді.

Маунтинбайктан облыстық ашық біріншілігі

Сәуір айының 9 мен 10 күндері аралығында Алматы облыстық туризм және ақпараттық қызмет көрсету оталығы экстрималды туризм түрлерін дамыту мен велотуризм түрлерін және балалар мен жасөспірімдер туризмін қолдау мақсатында 1999—2000 және 2001—2002 ж.т. жасөспірім ұлдар және қыздар арасында маунтинбайктан облыстық ашық біріншілігі өткізілді. Маунтинбайк шарасына облыстың 100 астам жасөспірімдер қатысты.

Read more...

«Туризм, табиғат әсемдігін сақтау құралы» атты облыстық акциясы

_news_002Алматы облысындағы қала және аудан орталықтарында экологиялық туризм түрлерін дамыту мен көрікті демалыс орындарындағы тазалық шаралары бойынша, Алматы облысының туризм және ақпараттық қызмет көрсету орталығының басшылығымен наурыз айының 27-сі мен 10 сәуір аралығында «Туризм, табиғат әсемдігін сақтау құралы» атты облыстық акциясы өткізілді. Аталған шараның шеңберінде шағын футболдан жарыс ұйымдастырылып жеңімпаздар анықталды. Акция іс-шарасына Алматы облысы жастар саясаты мәселелер басқармасы және «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы Алматы облыстық орталығының қатысуымен өткізілді. Акция қазіргі замандағы экологиялық проблемаларға облыс, аудан және қала тұрғындарының назарын аударту мақсатында өткізілді.

«ЭКСПО 2017 – туризм болашағы» атты облыстық фестивалі

Ағымдағы жылдың ақпан айының 14 жұлдызында Ескелді ауданы, Екпінді аулының маңындағы «Тау-Жетісу» шаңғы базасында жоғары жане орта мамандарылған оқу орындарының студенттері арасында жасыл экономиканы дамыту мақсатында «ЭКСПО 2017 – туризм болашағы» атты облыстық фестивалі өткізілді. Аталған іс-шараға 100 астам жоғары және орта мамандандырылған оқу орындарының студенттері қатысты.

Read more...